Садақ — жебе атуға арналған қол қаруы. Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды[1]. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады (қ. Құрама садақ). Күрделі садақты ежелгі Шығыста, оның ішінде сақтар, кейінірек ғүндар мен Орталық Азия халықтары көп қолданған. Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтардың қолданылған материалдарына қарай “қайың садақ”, “қарағай садақ”, “үйеңкі садақ” деген атаулары кездеседі. Қайыңның қабығымен қапталған, сарғайған түсіне байланысты “сарыжа”, “сарсадақ” деген атаулары да бар. [2]
Менің досымның аты ... ( имя друга).Оның отбасында ...(количество членов семьи) адам бар. ... ( имя друга) мені өздерімен бірге орманға саңырауқұлақ жинауға шақырды. Демалыс күні біз велосипедтерімізге отырып,орманға баруға шықтық.Кешке дейін болатындықтан,жүрек жалғайтын азығымызды ала шықтық.Жол бойы табиғаттың әдемілігіне тамсана қарап келдік:айнала толған әсем гүлмен түрлі теректер және дауыстарына құлақ тоймайтын құстар .Орманда қалай жүріп-тұруды бізге досымның әкесі үйретті, .Алау тұтатқанда өте абай болуымыз керек екенін түсіндірді. Саңырауқұлақтарды жинап болған соң ,дастарқан жайып ,қызықты әңгімелер айтып ,тамақтанып алдық. Сөйтіп сәлден кейін үйге жиналдық.