Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.
Кино өнері - өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.
Кино өнері төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми-көпшілік кинематография. Көркем фильм жазушының өмір шындығын алып жазылған сценарийі бойынша актерлердің қатысуымен жасалатын шығарма. Деректі фильмге мәні зор оқиғаларды деректі түрде бейнелейтін фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып, фильм жасауды көздейді. Ғылыми-көпшілік кинематография - жаратылыс пен қоғам құбылыстарын ұғындыратын және ғылыми жаңалықтармен өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы.
Кино өнерінің даму жолы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңі - тұңғыш киноның шығу жылы мен 1914-1918 жылдар арасын қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ кинематография дүние жүзінің көп елдеріне тарады.
Кино өнерінің дамуының екінші кезеңі - 20-шы жылдар. Бұл дыбыссыз “мылқау” киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезеңі.
Үшінші кезеңі 30-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде кинопленкаға дыбыс жазу техникасы меңгерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлердің шығармашылығына кең жол ашты. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнерінде жаңа кезең басталды. Түрлі-түсті фильм түсіру жүзеге асырылды.
Қазақ жерінде алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. 1929 жылы Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. 1934 жылдардан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. “Ленфильм” студиясы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен тұңғыш көркем “Аманкелді” фильмін жасады. Қазақтың көркем фильмінің туу тарихы осы фильмнен басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында “Ленфильм” киностудиясы, “Мосфильм” киностудиясының Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі ЗО жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан

Объяснение: