2.Оқулықтағы 142 беттегі, 145 беттегі тілдік бағдар мезгіл үстеу мен мекен
үстеу ережелерімен танысыңдар.
3."Сәлем беру туралы не білеміз!"
тақырыбына эссе жазыңдар.
Эссе жазу дискрипторы:
эссе тақырыпқа сай құрылған
эссе кіріспе, негізгі және қорытынды
бөлімнен тұрады
эссе жазуда бейнематериалда ұсынылған
ақпараттар қолданылған
эссе жазуда мақал-мәтелдер
Қолданылған
эссе жазуда грамматикалық нормаларды
сақтайды
өз өмірімен байланыстырады
Менің сүйікті бағдарламам
Менің сүйікті бағдарламам «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы күнделікті таңертең сағат жеті мен онның арасында болатын - «Таңшолпан» ақпаратты – сазды бағдарламасы. Күнделікті үзбей көруге тырысамын. Бұл ауқымды бағдарламаның түрлі қызықты айдарлары бар. Мысалы, «қызықты ақпарат», «ба зге шолу» және «қазақ жері» айдарларын аса зор ықыласпен тамашалаймын. Сонымен қатар эфирге шақырылған қонақтардың сұхбатын да тыңдағанды ұнатамын.
Бағдарламаның тарихына келер болсақ, ,ағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шығыпты, міне 27 жыл бойы көрерменнің жүрегінен өз орнын тауып келеді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау Шерхан Мұртазаның идеясы болған екен. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атапты. Бағдарлама бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атаған екен. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті. «Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді және бағдарлама жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. Мен тіпті бірнеше мәрте бағдарламаға хабарласып, сауалдарға жауап беруге тырысқан болатынмын.