2. Оқылым мәтінінен баяндауыштарды анықтап, жасалу жолы мен құрылысына қарай талдаңдар.
Ерекше қасиеттері үшін қазақ киікті дәріптеп, «киелі
жануар», «қасиетті аң» деп бағалайды. Ыңғайлы, әдемі зат-
тарды «киіктің асығындай екен» деп, сұлу жанды «киіктің
құралайындай әсем екен» деп суреттейді. «Құралайдың сал-
қыны»
табиғаттың киік лағын ширатып, тіршілік етуге
қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Көпке
араласпай, жеке жүретін, саяқ өмір сүретін жандарды «кісі-
киік» деп атайды.
Жыл басынан бері Елбасы жолдауы бойынша бірталай жұмыс атқарылды.
Мен ара - тұра ағамның баласына қарайласып тұрамын.
Ішінара іске немқұрайлы қарайтындар да жоқ емес.
Мен жазғы демалыс уақытында кешқұрым серуенді ұнатамын.
Ол телефонмен сойлесті де, жалма - жан киіне бастады.
Олар біржолата Астанаға көшуге шешім қабылдады.
Ол Қарағандыда оқыған кезінде біздің үйге арагідік келіп тұратын.
Біз жол - жөнекей ауылға баратын көршілерімізді де машинамен ала кеттік.
Самат етігін қоңылтаяқ киді де, үйден асығып шығып кетті.
Менің ағам жарыс кезінде жылдам жүгіріп, бірінші орынға ие болды.
Үйге сабақтан шаршап келсем, қарындасым ойыншықтарын қаз - қатар жинап қойыпты.