2. Оқылым мәтінінен баяндауыштарды анықтап, жасалу жолы мен құрылысына қарай талдаңдар.
Ерекше қасиеттері үшін қазақ киікті дәріптеп, «киелі
жануар», «қасиетті аң» деп бағалайды. Ыңғайлы, әдемі зат-
тарды «киіктің асығындай екен» деп, сұлу жанды «киіктің
құралайындай әсем екен» деп суреттейді. «Құралайдың сал-
қыны» — табиғаттың киік лағын ширатып, тіршілік етуге
қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Көпке
араласпай, жеке жүретін, саяқ өмір сүретін жандарды «кісі-
киік» деп атайды.