2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер. 1. М.Әуезовтің «...əйел басындағы сасық туман айықпай, халыққа адамшылықтың
бақытты күні куліп қарамайды. Ал қазақ мешел болып қалам демесең, бесігіңді
тузе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» деген сөзін «Бақытсыз Жамал»
шығармасымен байланыстырып, мәнін ашыңдар.
2. «Аққулар ұйықтағанда» шығармасында анаға тәуіп шал кездеспегенде, оқиға
қалай аяқталушы еді?
3. Сәрсенбай Жамалды Жұманға беруге неліктен көне кетті? Шолпанның: «Екі
дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болсаң да Жамалды
неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың?» деген сөзінен нені аңғарамыз?
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.