2. Шығарманың негізгі идеясы қандай? А) мәдени құндылықтарды дәріптеу
В) оқырмандарды тарихи мұралармен таныстыру
С) оқуға шақыру
D) тарихи мұраны сақтау
Отырардың бүгінгі құдіреті ше?.. Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы» осы қаланың үстінен өтеді. Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып, дамылдайды, сосын тағы да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған қаласын салтанатқа бөлеп, байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім жұртқа жайды...
Әуелде араб жиһанкездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып жүрді. Отырарды қазір ғұлама, өнерпаз, көріпкел, сәуегей, зергер мекен етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген тасболат там, жәдігер, кешендер бар; монша, мешіт, саудахана бар.
...«Жәдігер» деген — тастан салынған, киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен, ол шаһардың орталық көшесінде көп кездесетін.
Үй тас пен кешендерді көбіне диқандар мекендейді. Қаланың шеткі көшелерінде тасболат тамдар көп ұшырасады, тасболат тамдар киіз үй секілді дөңгелек емес, төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған. Үйлерінің қабырғасы әрқилы әсем қыштан қаланған, оларға тән тұрақты құбылыс — есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы еді. Тасболат тамдарды ұсталар,
қолөнершілер, тоқымашылар жайлайды.
ответь:Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Осы мезгілде бізде «күзгі бал» атты байқау болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Басқа сыныптың оқушылары да неше түрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.