В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
данил1931
данил1931
02.05.2021 08:17 •  Қазақ тiлi

2 - тапсырма . Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерін диаграммаға түсіріп , олардың әрқайсысына түсінік бер .


2 - тапсырма . Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерін диаграммаға түсіріп , олардың әрқайсысына түс

Показать ответ
Ответ:
Alisa1Karimova
Alisa1Karimova
22.01.2020 04:51
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Bois123543
Bois123543
02.06.2022 18:08
Қазақтың «жеті қазына» деген ұғымы бар екенін елдің бәрі біледі. Шамасы, бұл халқымыздың сандық ұғымдарынан туындаған болса керек. Бір қызығы осы «жеті қазына» ұғымын жақсы түсінемін деп жүретін едім. Сөйтсем, қателескен сыңайлымын. Әдетте, интернеттен осы мәселені іздеп көрдім. Жарытып ештеңе таба алмадым. Бірақ, «жеті қазына» ұғымының ең танымал екі нұсқасы бар екендігін білеміз. Жеті қазынаның бірінші нұсқасы:ер жігіт, сұлу жар,ілім-білім,жүйірік ат, құмай тазы, түзу мылтық.

Екінші нұсқа: жүйірік ат, алғыр бүркіт, қаққыр тазы, алмас кездік, қандыауыз қақпан,берен мылтық,майланғыш ау немесе қыл тұзақ.Қазақ радиосындағы «Мен -қазақпын!» бағдарламасының жұма күнгі сандарын осы жеті қазына ұғымына арнадық. Қазына саналған жеті затты жіктеп, жіліктеп көрейік дескенбіз. Дінтанушы Омар Жәлелұлы «ер жігіт еліне олжа салады» деген мақалға сүйене отырып, дәл сондай жігіттер халықтың қазынасы дейді. «Жеті қазынаның» бірінші нұсқасы халықтың қазынасы, екіншісі азаматтың қазынасы деп тұспалдадық. Ал, сұлу әйел мәселесіне келер болсақ, қазақ сұлу әйелден ақылды бала дүниеге келеді деп ойлайтын болса керек. Ақтамбердінің
Елден елді аралап,
Тектіден текті саралап,
Беглердің қызын айттырсам,
Нұсқасын байқап шамалап -
Сынға толса сияғы,
Әлбеті шамның шырағы,
Мұхиттан сүзіп шығарған
Қымбатты гауһар бағасы.
Жүз нарға кілем жаптырып,
Қазақтан сәнін арттырып,
Ұзатып алсам сәнменен,
Көңлімді хош таптырып!
Бала берсе тезінен, -
Пірлердің бітсе демінен,
Шілтеннің тиіп шылауы,
Артылып туса өзімнен!
Осындай берген дәулетті

Көтеріп түра алар ма екеміз?! –деуі содан шығар Ал, ілім-білім мен жылқының қазына болатыны онсыз да белгілі. Құмай тазыға келсек, бұл өзі жалпы ит атаулыға қатысты тәрізді. Құмай тазы саятшылықтың көркі әрине. Бірақ, иттің бойында қазақ ұнатқан екі қасиет бар екен. Олар–адалдық пен қанағатшылдық. Ит иесіне адал келеді. Әрі не берсең де қанағатшыл. Қыран бүркіт болса шынымен аңшылықтың сәні. Екіншіден қырандар маңғаз, таза келеді. Қазақтың кейбір мінезі сияқты. Мылтық болса бес қарудың бірі болған садақтың «баласы». Елдің қорғанысына қажет құрал. Қазына саналатыны содан дейді. Әрине, бұлардың жетеуін жеке-жеке талдауға болады. Радиодағы «Мен қазақпын!» бағдарламасында олардың әрқайсысын жеке талдадық. Бірақ,әзірге берен мылтық жөнінде сөз қозғап үлгермедік.Айтпақшы, біздің бір жазбамызға пікір жазған оқырман «Мен-қазақпын!» бағдарламасын Қазақ радиосының сайтына салып қоюды ұсынған екен, болашақта ол да жүзеге асар деген үмітіміз бар.Бірақ, әзірге осы блогтағыны қанағат етуге мәжбүрміз.Айыпқа бұйырмассыздар деп ойлаймын.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота