2-ТАПСЫРМА. Берілген мәтіннің қатесін түзеп, емле ережесіне сай жазыңдар. Дескриптор: Тыныс белгілерін емле ережелеріне сай қояды:- Сызықша- Үтір- Тырнақша- Нүкте• Сөздердің жазылу ережесін ажыратады:- Жалқы есімдер- Қос сөздер. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбеті. Ол – шығысы мен батысы Алтай мен Атырау, түстігі мен теріскейі Қаратау мен Батыс Сібір ойпаты арасындағы кең-байтақ өлкеге созылып жатқан қазақ жерінің бел ортасына, тоғыз жолдың торабына орналасқан кіндік қала, елордасы. Жалпақ әлемге Астана немесе «үшінші мыңжылдықтар астанасы» аталып жас қала мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен аз ғана уақыт ішінде бой көтерді. Астана – егемен елдің тәуелсіздік жолында атқарған ұлы істерінің мазмұнымен өрнектелген құнды шежіресі. «Астана» сөзі қазақ қолданысына араб тілінен ауысқан. Оның араб тіліндегі түпкі мағынасы «жұмаққа барар жолдағы табалдырық» дегенді білдіреді. Қазақ ақын-жырауларының сөз қолданысында астана «байтақ ел, бақ қонған жер» деген мағынада қолданылады. * Мой ответ
Отправить
это сор помагит казахи вы где??
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.