2-тапсырма. Берілген үзіндіні өңдеп, өзге жанрда (өлең, әңгіме, диалог, т.б.) жазыңыз. Креативтілікті ескеріңіз. Қамажай: Сен де біледі екенсің ғой оны. Тасбауыр. Қатыгез, қара жүректер! (Оны да шапалақпен тартып жібереді).
Тимур: Кама, жинал. Тезірек жинал!
Қамажай: (селт етіп, есін жиып, көзінің жасын сүртеді): Теміржан... Теміржан-ау,
«жинал» дегенің не сөз? Жиналғаны несі?
Тимур: Кетеміз. Бұдан әрі бұл үйде тұра берудің жөні жоқ.
Қамажай: Теміржан, көкешім. Үйден безіп қайда барасыңдар? Құлыным, садағаң кетейін, кешір, кешір менің бір қателігімді. Сендерге көтерген қолым неге сынып қалмайды. Кәмила, сен де кешір жаным. Ашумен байқамай...
Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.