2-тапсырма. Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, төмендегі тұрақты тіркес- тердің қай сөзге балама екендігін анықтаңдар. Усі. Айылын жимады - сескенбеді. Ақылға сыймау, ала жібін аттамау, көзіне көк шыбын үймелету, ішкен асын жерге қою, ат ізін салмау, аузы бармау, тілі күрмелу, ауыз тимеу, аяғы қия баспау, иісі мұрнына бармау, көзге ілмеу, тіс жармау, шөп басын сындырмау, басын сұқпау, қол ұшын беру, жең ұшынан жалғасу. Доканца тауып беріндерш
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.