Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
ответ:Даналық сөздер
Абай
Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл
Төле би
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Ж.Баласағұн
Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа,ақырында нағыз пайдалы ғылымға,еңбекке баулы.
Ақыл,қайрат,журекті бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден бөлек.
А.Құнанбаев.
Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті.
А.Жұбанов.
Адамның басшысы-ақыл,жетекшісі-талап,шолушысы-ой,жолдасы нәсіп,қорғаны-сабыр,қорғаушысы-мінез,сынаушысы-халық.
Саққұлақ шешен.
Ақылды қанша қараңғы болса даалысты көреді.Ақылды адамға екі дуниеде де жол ашық.
Ж.Баласағұни
Ақылдының айналасы-Гүлстан.
Ақылды кісі азбайды.
Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
Ақылдының сөзі қысқа.
Ақылдының сөзі-ақ дарияның өзі.
Ақылмен алтын табылар,алтынмен ақыл табылмас.
Ақыл мен білімнің тілмашы тіл.