2-тапсырма. Хабарлы және сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оларға синтаксис талдау жасаңдар. 1. — Сіз осы айтқандарыңыздың бәрін жазып беріңіз. Әсіресе Гусевтің жайын көбірек айтыңыз. Бұл неге керек? Бұл Гусев үшін керек. Сіз Гусевтің қайда екенін білесіз бе? Маған адресін беріңіз. Көптен бері хабарсыз жүр едім (Т.Ахт.). 2. Сабақтың соңында Бану балаларға бір жақсылық айтты: Ертең Бурабайға саяхат жасаймыз. Кімнің барғысы келеді? Қолдарыңды көтеріңдер. Балалардың бәрі де қолдарын көтерді. Жақсы. Таңертеңгі 8.00-де мектепке жиналыңдар. Аздап тамақ алыңдар. Шаңғы алуға бола ма? – Қалауларың білсін... (М.И
– Ия.Ал сен білесің бе Бәйтеректің биіктігі неге 97 м екендігін?
– Жоқ,неге?
– Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған.
– Мәссаған!
– «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана еркелеп аққан Есілдің жағалауында орналасқан. Бүгінде әсем қала Астанамыз жылдан жылға көркейіп өсіп келеді. Биыл қазақ жұрты осы әсем қаламыздың құрылғанына 17 жыл толған мерейлі тойына қызу дайындалып жатыр. Осыдан 17 жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы болып жарияланған. Ал 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Бүгінде Астана күні 6 шілдеде аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан республикасының Жоғары кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн қазіргі уақытта мемлекеттік мереке болып саналады.
"Бәйтерек монументі" туралы диалог.
– Сәлем,Жайна!
– Сәлем,Арман!
– Қалың қалай? Нұр-Сұлтанда жайша жүрсің бе?
– Жаман емес,өзіңде ше? Ия,қыдырып келгем.
– Менде де бәрі жақсы.Керемет!Ендеше біздің үйге қонақ боп кет.
– Жоқ,ниетіңе рахмет!Қонақ үйде аялдауды жөн көрдім.
– Онда жүр жақын жерде Бәйтерек монументі бар,соны таныстырып қайтайын.
– Жарайды.
– Бәйтерек – қаламыздағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
– Бұл ғимараттың авторлары кім екен?
– «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы:А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов.
– Шебер адамдар екен.
– Ия.Ал сен білесің бе Бәйтеректің биіктігі неге 97 м екендігін?
– Жоқ,неге?
– Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған.
– Мәссаған!
– «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.
– Керемет!Мен оны тезірек көргім келеді.
– Олай болса жүр,асығайық!