В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
наська241
наська241
28.05.2023 02:44 •  Қазақ тiлi

2 - тапсырма . « Ұлы ғалым » деген тақырыпта эссе жаз . • Нақты айқындалған кіріспе , негізгі бөлім , қорытынды бөлімнен құралуы шарт Тақырыптан ауытқымау керек . Тұжырымдарды дәйектей білу қажет . • Өмірмен байланыстыру керек . • Өзіндік ой , тың пікір болуы керек . • Баяндау стилі жатық болуы шарт . Көріктеуіш құралдарды ұтымды пайдалану қажет . • Көлемі – 100-150 сөз . все на р​


2 - тапсырма . « Ұлы ғалым » деген тақырыпта эссе жаз . • Нақты айқындалған кіріспе , негізгі бөлім

Показать ответ
Ответ:
arsjaja
arsjaja
15.10.2020 05:45

ұсыныстар

"Реферат" сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол  "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Іс жүзінде барлық сөздіктер бұл сөдің мағынасын бірдей ашады. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.

Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:

1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

2. Рефераттың құрылымы

3. Рефератты ресімдеудегі талаптар

4. Рефератты қорғау

1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

- тақырыпты таңдап онымен танысу;

- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу

- әдебиттерді зерттеу

- жиналған материалдың жүйелілігі

- рефератты жазу

Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз  тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.

Әдебиеттерді зерттеуді тақырып атауынан бастау керек. Әдебиетті зерттеген кезде оларға кейін көңіл аудару үшін негізгі ойлар мен ережелерді, дәлелдерді, дәлелдемелерді, тұжырымдамаларды белгілеп алу керек. Келтірілген деректер мен маңызды тұжырымдамаларға көңіл бөліңіз, ыңғайлы болу үшін оларды карточкаларға жазып қойыңыз. Толық библиографиялық басылымды карточкада көрсетуді ұмытпаңыз. Әдебиет көздерін зерттеп біткеннен кейін жиналған материалды жүйелеу мен талдау жұмысы басталады. Карточкалар мен конспекттерді қарап шығу нәтижесінде қажетті мәлімет рефераттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жіктеледі. Осы кезеңде жұмыстың соңғы жоспары анықталып, материалдың ой салуымен жаңа сюжеттер пайда болады. Егжей-тегжейлы жоспар жасау қажет. Сол уақытта рефераттың негізгі бөлігінің жалпы құрылымы анықталады.

Материалды топтастыру - техникалық жұмыс емес. Деректерді іріктеудің өзі жұмыс болжамдарын әзірлеуді көздейді. Бұл ретте барлық тарау толығымен материалмен қаматамасыз етілмеуі мүмкін. Ол карточкаларды тараулар бойынша жіктеген кезде анықталады. Мұндай жағдайда дереккөздерді қайтадан қараған немесе рефераттың жалпы құрылымын не жеке бөліктерін қарап шыққан дұрыс. Материалды жүйелеудің соңғы нәтижесі бір мағыналы қатаң тексерілген тұжырымдама жасау болып табылады.

Рефератты жазу - соңғы кезең болып табылады. Әрбір тармағы материалмен қамтамасыз етілген, жақсы ойластырылған жоспар болса, реферат жазу қиындық әкелмейді. Рефератты кіріспеден емес, негізгі бөлімнен бастап жазған дұрыс. Негізгі бөліммен жұмыс жасау барысында ғана әдебиеттер мен дереккөздерді түсінуге болады. Шығармашылық үдерісі нәзік әрі дара болып келеді. Барлық авторларға ортақ мынадай ережелер бар:

- жұмыстың жүйелілігі

- тиянақтылық

- асығыстықтың болмауы

2. Рефераттың құрылымы

Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.

- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек)

- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)

- негізгі бөлім

- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе мен қорытынды негізгі бөлім бойынша жасалған жұмысты түсіндіруі керек.

Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу). Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.

Кіріспе құрылымды келесі сөздермен "Реферат кіріспеден, ... тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. 1-ші тарау ... арналады, 2-ші тарауда ... сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі" сипаттаумен аяқталады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота