2- тапсырма.Мәтінді оқы,аудар.Прочитай текст,переведи . Қазіргі уақытта электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. Электр қуатын үнемдеу 21 ғасырдың ең маңызды міндеттерінің бірі. Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростансы Қытайдағы «Үш Бөгет» болып табылады. Бұл алып стансы миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді. 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр. Электр шамындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайызы энергия жылу шығаруға кетеді. Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. Олар 5-6 есе аз энергия жұмсайды. Тағы бір пайдалысы ол шамдардың ғұмыры кәдімгі лампадан қарағанда 8 есе ұзақ. Токты үнемдегенде ұялы телефон, ноутбук секілді құрылғылардың зарядтағышын токтан үнемі ажыратып отырыңыз. Басқа жаққа бірер күнге кетер болсаңыз шамды өшіріп қана қоймай, розеткадан телевизор, музыкалық орталық, DVD-ойнатқыштарды да ағытып кетіңіз. Розеткаға қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады.
ответ: қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен қ, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттеледі. олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды. қазақтың дәстүрлі киімдерінің ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты киімі ерекше саналды. дүниеге келгенде, ол жолдасында туса, онда онымен бірге бақ-дәулет, бақыт келді, - деп сол кезде «көйлегінде туған» деп айтқан. туғаннан кейін, жолдасын алып кептіріп, бақыт үшін сандықта сақтаған. бұл әдет сібірдегі түркі халықтарының арасында да кездеседі [1]. ал тұзды суға шомылдырып, денесі жара болмас үшін және жылы, әрі жұмсақ болсын деген ниетпен қойдың жабағы жүніне аунатып алатын салт болған. сондай-ақ нәрестенің ең алғаш киетін киімдерінің бірі – иткөйлек. ол жұмсақ сисадан не жұқа бәтестен жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып алатын да, шет-шетін бүкпей, екі жанын қолмен тепшіп жас ң нәзік етіне тігістің батпауы үшін дайындалатын. иткөйлектің етегін бүкпеу әдеті – ң жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеген ырымнан туындады. әдетте, иткөйлекті қырқынан шығарғанша кигізген. содан соң оны тәтті дәмге толтырып, ауыл шақырып, иттің басына іліп жіберетін болған. бұл қауіп қатерден сақтаудың және ит тиюден сақтаудың бірден-бір жолы деп білген. ал кейбір өңірлерде, иткөйлектегі тәтті дәмдерді бөліп алғаннан кейін, ол иткөйлектен үш бұрышты бойтұмарлар жасап мойындарына іліп жүретін болған. ең алғашқы қырқын шашты домалақтап, оны көз тимесін деген ниетпен ң киіміне тағып қоятын болған. сондай-ақ бесікке әр түрлі қорғап қолдаушы саналған – үкі аяқ, жылан бас сияқты бойтұмарларды іліп қоятын болған. ң өмірін сақтау үшін, оның киімдеріне де әр түрлі амулеттер тағылды. олардың қатарында үш бұрышты матамен сырты қапталған құран аяттары жазылған бойтұмар, үкі қауырсындары мен тұяғы, сердолик және ақық сияқты асыл тастары бар әшекейлер мен қолына ақ-қара моншақ араласқан көзді білезік тақты. мұндай қасиетті бұйымдар сыртқы тіл-көздің энергиясын қабылдайтын магиялық қасиеті болды деп түсінді. әдетте, 1 жастан 3 жасқа дейінгі ң киімінде ерекшелік болмады.
объяснение: