В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
tda512
tda512
14.07.2022 06:26 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. Жоспар құр. Астана, Ару қала. Ай қала. Қарасаң, көз тоймайды. Жылдан-жылға сəніне
сән, сәулетіне сәулет қосып келеді. Астана — Қазақстан Республикасының сая-
си, әкімшілік және мәдени орталығы. Жалпы аумағы — 12, 2 шаршы шақырым.
Астана халқының саны 2008 жылы 584, 8 мың адам болған.
Астана әскери бекініс ретінде 1830 жылы қаланып, «Қараөткел» деп
аталған. 1845 жылдан бастап «Ақмола» деген атауға ие болған. Қазақстан
Республикасының Президенті 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола
қаласын «Қазақстан Республикасының астанасы» деп жариялау туралы
жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6 мамырында Елбасының жарлығымен
«Ақмола» атауы «Астана» болып өзгертілді. Бұл күнде Астананы дүниежүзі
біледі. Астанада әлемдік деңгейдегі алқалы жиындар өтеді. Астана
бейбітшіліктің мызғымас ордасына айналды.
«Ана тілі» газетінен

Показать ответ
Ответ:
aleksandra20181
aleksandra20181
17.01.2023 10:10

Егер мен депутат болсам...

Депутат болу – аса үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Себебі халық оларды таңдағаннан кейін сол халықтың мүддесін ойлап, ойларынан шығып, өз жұмысына адал болу керек.

Болашақта мен депутат болып жатсам, менің туған қалам Қарағандыда үлкен өзгерістер болар еді. Ең алдымен үлкен кісілердің жағдайын жасаушы едім – көбінесе қарт кісілердің зейнетақылары дәрі – дәрмектен артылмай, тіпті кей кездері толыққанды азық – түлік алуға жетпей жатады. Сондықтан мен зейнетке шығып, жасы алпыс бестен асқан кісілер үшін барлық қоғамдық көлікті тегін етер едім. Одан кейін ай сайынғы пәтерақы төлемін елу пайызға азайтар едім. Мектептерде арнайы үйірмелер ұйымдастырып, балаларға өнегелі тәрбие мен ғибратты әңгіме айту мақсатында ай сайын қарттарды мектепке шақыртушы едім. Атамыз қазақ «Қарт кісі - қазына» деп бекер айтпаған ғой, үлкеннің өнегесін көріп, батасын алып өскен жас ұрпақ болашақта жаман болмайды.

Келесі ретте жасөспірімдер үшін, яғни олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір ықшам ауданда тегін спорт залдары мен спорт алаңын салтырту мәселесін қолға алар едім. Себебі бос уақытта көрінген нәрсемен айналыспай, одан да спортпен шұғылданса, жаман әдеттерден аулақ болар еді.

Кішкене балаларды да ұмытпай, оларға арналған арнайы, қауірсіз ойын алаңдарын салдыртамын. Қазіргі кейбір ойын алаңдары ескіріп, балалардың өміріне қауіп төндіреді.

Әзірге осы. Жалпы мен депутат болып жатсам, ең алдымен әлеуметтік мәселелрді қолға алуша едім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Нюра959
Нюра959
13.02.2022 16:29

Құстар – табиғаттың көркі! (шығарма)

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар. 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота