2- тапсырма Мәтінді оқып, туған жер туралы толғанысқа өз ойларыңды қосыңдар (жазбаша) Туған жерді сағыну Көкшеге ұқсаған көгілдір тау олардың желке жағында қалды. Бәрібір Рамазан көкейінде туған жер жатқан еді. Осы кезде Көкше оның кеудесінде ән боп бүлкілдеп, күй боп сылқылдап еді. Көкіректе «Көкше! Көкше! Көкше!» - деп соққан жүрек сазынан басқа оның басына ештеңе де түспеген болар. Туған жердің көркіне ұқсас, көңілге таныс көк белесті көргенде, сонау сәби кездің жөргегіндей болған Көкше көзге қайта елестеп, жүрекке қайта соқты. Ол өзін осы мезетте сол Жөкейдің жағасында ойнап жүргендей сезінді. Таңсәрі. Айдын көл. Көлдің беті – толған құс
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел – алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен