В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
glokol
glokol
26.12.2020 00:27 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Мәтіннен 5 етістікті тауып жазыңдар. Еістіктерді жедел өткен шақ тұлғасына қойыңдар. (Найдите в тексте 5 глаголов. Преобразуйте данные
глаголы в очевидное время)
Үлгі:
Етістік
Дамып келеді
1. ...
Жедел өткен шақ
Дамыды
2. ...
3. ...
4. ...
5. ...
Дескриптор: Білім алушы
мәтіннен 5 етістікті табады;
жедел өткен шақ тұлғасына қойып жазады.
надо​


2-тапсырма. Мәтіннен 5 етістікті тауып жазыңдар. Еістіктерді жедел өткен шақ тұлғасына қойыңдар. (На

Показать ответ
Ответ:
AlecsandrPonkratov77
AlecsandrPonkratov77
03.06.2023 07:53
Коренные жители Казахстан - казахи. История казахского народа богата, имеет множество исторических личностей. Чтобы узнать о народе, в первую очередь необходимо знать великих людей истории. Жизнь исторических личностей, мыслей, знаний о казахских людях. Аль-Фараби говорил: "Счастливы люди, которые друг другу, становясь хорошей нацией, если люди, которые друг другу в целях достижения счастья, настолько хороши во всем мире.". Казахский народ очень добр. Он всегда был дружелюбным и гостеприимным. Казахстан-многонациональное государство.Здесь более 130 национальностей живут вместе, чтобы и сотрудничать в интересах мира.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Роззе
Роззе
13.04.2020 12:33

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келед Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының,  бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын. Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын!  Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табыладыЕліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/45589/

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота