2 -тапсырма. «Мағынасын анықта!» Мәтіндегі туыстық атауды білдіретін сөздердің мағынасын анықтап жаз. Үлгі: нағашым – анамның туысы. ( в тексте есть слова обозначающие родство, например нағашы- дядя по линии матери и,т, выпишите их и дайте пояснение на русском)
текст:
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, ағам, жеңгем, әпкем, інім бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Біз отбасымызда ана тілімізде сөйлесеміз.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп мүмкіндік жасалған.
Атам Мағжан Жұмабаевтың, ал әжем Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқиды. Ата-анам үш тілді жақсы меңгерген. Олар жұмыста қазақ тілінде қызмет көрсетеді. Әкем – пойызда жолсерік, ал анам – дүкенде сатушы.
Нағашым да орыс тілін жетік біледі. Ол қазақша ән айтады. Ал жиенім қазақша өте жақсы сөйлейді. Себебі ол тіл үйірмесіне барады, қазақша көркем-әдеби кітаптар оқиды, әртүрлі байқауларға қатысады. Ол жақында Мағжан ақынның «Қазақ тілі» өлеңін жаттап алды.
Менің ағам көп тіл біледі. Көп тіл білген жақсы. Көп тіл білген адамның өмірдегі мүмкіндігі де көп. Ағам жақында жоба жұмысын ағылшын тілінде дайындады. Ол халықаралық грант ұтып алды. Жеңгем де француз тілін үйреніп жүр. Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде еркін сөйлейміз, өзге тілдерді де жақсы білеміз
НУЖНО