2-тапсырма.Матындегы етістікті тауып морфологиялық талдау жасандар Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қаты-
гездік пен мейірімділіктің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы.
Өз қасындағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауың мүмкін,
бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз саласың. Ең бастысы, қандай
ақпарат оқысаң да, соған сай жауап қалдыруыңа, пікір білдіруге
құқың бар. Саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ,
яки әлдебір саланың ғалымы болуың шарт емес. Көзқарасың өзіңе,
жаз, қалдыр, шамына ти, сына, міне, алғыс айт — ерік алдыңдағы
компьютердің пернетақтасына басылған саусақтарыңда.