В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
yurka1973
yurka1973
24.02.2021 02:28 •  Қазақ тiлi

2 тапсырма оқылым материалы бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
Ұлттық кітапхана – ҚХР-ның, Азияның және әлемнің ең ірі кітапханасы. Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар. Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.

Ұлттық кітапхана ғылыми, ұлттық басылымдарды сақтау қоймасы. Ұлттық библиографиялық орталық, кітапханалық-ақпараттық және ғылыми- техникалық кітапханалар желісінің ұлттық орталығы және даму орталығы. Кітапхананың жалпы аумағы 170000 шаршы метрді құрайды, әлемдік кітапханалар арасында бесінші орында. 2003 жылдың соңына қарай кітапхана 24 110 000 томның бай коллекциясын алды. Коллекцияда 270 000 том сирек кітаптар, 1 600 000 том ежелгі кітаптар болды. Кітапханада Қытай кітаптары мен шетел тіліндегі материалдардың ең үлкен топтамасы бар.

Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек. Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған. Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді. Кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып, 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар. Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды – осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.

Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры – көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға

жуық кітап болған көрінеді. 1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады. Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы – бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.

Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады

Показать ответ
Ответ:
versuspro99
versuspro99
29.12.2020 10:31

Күні кеше жұрт асыға күткен "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп, ел назарына ұсынылды. Тарих толқынан шыр шертетін фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады.Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болған.Анасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
LalkaDestroyer
LalkaDestroyer
12.09.2021 14:49

мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота