2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңдер.
1. Қайырып берген зеренді де алмай, ұршық ұстаған қолы
тізесіне түсіп отырып қалды... (Ә.Нұрп.) 2. Тек бір-ақ рет Шораға
деген сеніміне шек келтірді, бірақ оған көбінесе Танабай өзі кінәлі
еді... (Ш.А.) 3. Құлыным, Қайырылым... қайда жоғалып кеттің... -
деп әлсіз ғана шыққан дауыс естілді (Ғ.Мус.). 4. Гүлсары сонда таныс
соқпақ жолға түсіп, сонау өзен сыртындағы жайлауға тартып бара
жатады... (Ш.А.) 5. Бағзы бір замандарда барымтаны осылай алып
қашып, жаралы батырларды жау қолына түсірмей қауіп-қатерден
осылайша қаумалап алып шыққан болар-ау... (Ш.А.)
Адам бойындағы жақсы қасиеттер: сабыр, жігер, шын пейілділік, қайрат, өнеге, ақыл, мейірім, ынсап, қанағат, қарапайымдылық, адалдық, салмақтылық,мейрімділік, жомарттық, сүйіспеншілік, имандылық, тәрбиелілік, сыпайылық, әдептілік, дөрекі, сабырлылық, шыншылдық, жылдамдылық, мейірімділік, ар – ұят, , батырлық, шеберлік, пысықтық, еңбекқорлық, намыс, кішіпейілдік, инабаттылық.
Адам бойындағы жаман (жағымсыз) қасиеттер: арамдық, әдепсіздік, сабырсыздық, өтірік айту, қатігездік, қулық, ақымақтық, ұятсыздық, қорқақ, жалқаулық, еріншектік, намыссыздық, біреуді көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық, атаққұмар, мансапқор, атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкірек, өзімшіл, зымияндық, надандық.
"Менің Отаным - Қазақстан" диалог.
- Еркебұлан, білесің бе, келесі аптада мектебімізде тілдер апталығы әрі «Мұқағали оқулары» өтеді екен. Осы жолғы Мұқағали оқуларына қатысып, бағымды сынап көргім келеді.
- Жарайсың, Андрей! Өте жақсы бастама! Әрине, қатысып көр, мүмкін, бағың жанып, жүлделі орынға ие боларсың.
- Иә. Сонымен қатар жеңімпазға қалалық Мұқағали оқуларына жолдама беріледі, ол сайыста та жеңіп шықсам, облыстық, одан республикалық деңгейдегі жарысқа қатыса аламын.
- Қандай күшті.Мен саған тілектеспін. Қандай өлең оқымақшысың?
- Рахмет. Жалпы Мұқағали поэзиясын сүйсініп оқимын. Дегенмен, оның «Отан туралы» өлеңін ерекше жақсы көремін. «Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, мен оның қасиетті тілін сүйем, мен оның құдіретті үнін сүйем...» Ұлтым украин болғанымен, менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған. Қазақстан қашанда менің жүрегімде.
- Жарайсың, достым. Бұл да Елбасымыздың көреген саясатының бір көрсеткіші деп білемін. Елімізде жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп жатыр.
- Дұрыс айтасың. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.