2 - тапсырма . Сөйлемдерді сөз тіркестеріне бөліңіз . 1.Аймақтағы 50 - ге тарта үкіметтік емес ұйымды әйелдер басқарады . 2. Рес публикадағы 25 мыңдай үкіметтік емес ұйымда 250 әйел отбасы және балалар мәселелерімен айналысады . 3. Отбасы және гендерлік саясат бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығару мәселесі қаралады . 4 . Гендерлік теория отыз жыл бұрын әлеуметтік ғылымда пайда болған . 5 . Қазақ тілінде кыздар туралы мақал - мәтел жеткілікті . 6. Жыл сайын « Мерейлі отбасы » ұрттық сайысы өткізіледі . 3 - тапсырма . Мәтінді оқыңыз . Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөз тіркестерінің қандай байланысу тәсілі арқылы жасалғанын жазыңыз , Қазақстанда гендерлік саясат жақсы жүзеге асып келеді . Әйелдерге өздерінің кәсіби және шығармашылық әлеуеттерін дамытуға толық мүмкіндік берілген . Мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін , жартысынан астамын әйелдер құрайды . Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75 пайызға , білім беру саласында 65 пайызға жеткен , Бизнестегі басшылардың 40 пайызы да - әйелдер . Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда , бүгінгі таңда елімізде әйел адамдар басқаратын , жұмыс істейтін 640,5 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген . Олардың 542,9 мыңы – жеке кәсіпкерлер . Сонымен қатар әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілер 41,5 пайызды құрап отыр . « Даму » кәсіпкерлікті қолдау коры » әйел кәсіпкерлерді шағын несиемен қолдау бағдарламасын жүзеге асырып келеді . « Даму » қоры арқылы 124 мыңнан астам адам білімін жетілдірген , оның 43 пайызы - әйелдер Қ . Мәметқазыұлынан Үй тапсырмасы : Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып , семантикалық картаны толтырыңыз Масалар жалау арқылы шыу аркылы MITORE арқылы орын таткі акни Шығармашылық әлеует
Бұрынғы қазақ қоғамында уақытты жұлдыздар бойынша есептеудің жүйесі болған. Әлі күнге дейін бұл уақыт есебі тоғыс есебі деп аталады. Әлемнің басқа елдерінде кездеспейтін бұл жүйеде уақыт Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Көне дәуірлерден келе жатқан тоғыс жүйесінде есепшілердің Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алуының себебі болуға тиіс. Біріншіден, Үркер жұлдыз шоғыры түнде шоқтай болып, көзге бірден жарқырап түседі. Екіншіден, 14-мамыр мен 21-маусым аралығынан басқа уақыттарда Үркер жұлдыз шоғыры (Торпақ шоқжұлдызының құрамында) түнгі аспанда үзбей көрініп тұрады. Үшіншіден, ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанда, Үркер шығыстан туып батысқа қарай қозғалады. Бір-біріне қарсы қозғалған аспан денелерінің кездескен уақыты, яғни «тоғысқан» мезгілі уақытты дәл белгілеу үшін таптырмас белгі іспетті деуге болады.
Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы.Бұл қолөнер туындыларын үй шаруасында жүрген қыз-келіншектер мен әжелер айналысқан.Қазақтың қолөнер шеберлігі алаша, кілем, киіз жасауда, киім түрлеріне ойып салынған өрнектерден айрықша аңғарылады.Ағаштан түйін түйген ұсталар өз шеберханаларында ертоқымды, ағаш ыдыстарды, ат-әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын түрлі өрнектермен безендіріп жасаған. Ағаштан жасалған бөшкелер, ат арбалар берік болуы үшін тобылғы сынды мақты ағаштар таңдалған. Ағашқа өрнекті ойып салған. Ағашты бояп немесе күйдіріп, ою түстерін құбылтып отырған.
Түсті металдарды балқытып, зерлі әшекейлерді, ыдыстарды, тұрмысқа пайдалы жабдықтарды жасаған адамды Зергер деп атайды. Аталған шеберлердің қолөнер туындысына қарап оның көңіл күйін, болмысын, мінезін, тұратын мекен-жайын, тіпті шаруашылығымен танысуға болады. Зергерлер өз айналасындағы сұлулықтың барлығын қолөнер бұйымдарында көрсете білген. Мәселен, жүзік, сақина, білезік, шашбау, сырға, таға, белдік, кісен, зерлі табақ т.б. жасауда қошқардың мүйізін, аша тұяқтарды, билеген талдарды бейнелеп өрнек салған.
Объяснение: