2-тапсырма. Сөйлемдерден есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңдар.
Есте сақтаңдар!
1. «Батыр түсiнде жау көреді, балық-
шы түсінде ау көреді» дегендей, мен
түсімде қашып келе жатқанымды көрдім
(Ғ.Мус.). 2. Бір әйел қолтығындағы
шумақталған көп қағаздан жиылыста
отырғандарға бір-бірден беріп жатыр
(Б.М.). 3. Құлағын салмас, тіліңді алмас
көп наданнан түңілдім (Абай). 4. Бақты-
ғұл ашу үстінде не де болса барын айтып
қалмақ ниетте болатын (М.Ə.). 5. Аузы
кемсиген бір кемпір арбадан түсіп жатқан
Раушанға бажырая қарап, қабағын тыр-
жита түсіп, жанындағы отырған тарғыл
бетті әйелге бірдемені сыбырлап айтып
екеуі күңкілдеді (Б.М.).
• Есімшеде есімнің де,
етістіктің де қасиеті
бар. Оның есімге тән
қасиеті есімдерше
(мысалы, сын есімше)
түрленіп, сөйлемнің
барлық мүшесі
бола алатынынан
көрінсе, етістікке
тән қасиеті шақтық
мәнді білдіретінінен
байқалады. Есімше
үш шақты жасауға
қатысады.
Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.