2 – тапсырма. Синтаксистік норманы сақтай отырып, мәтінді редакциялаңдар. Сөйлемдердің орындарын ауыстырып жазыңдар. Сондықтан құтқарушылар «ел қауіпсіздігі жолында тәуекелге бел буа еңбек ету – кәсіби әрі адамдық парызымыз» деп санайды.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:
– Тамыр соғысын тексеріп едім, соғып тұр екен. Содан тез далаға алып шықтым. Өкпесін сүзгілеп, түтінді шығардым. Осы әрекеттерді 7–8 минуттай жасадым. Бір уақытта әлгі адамның тыныс алуы қалпына келді.
Кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жинақылық пен ширақтық – аса қажет мінездер. Оқыс оқиға кезінде адам өмірін сақтау үшін әрбір секунд санаулы, әр минут қымбат.