2-тапсырма. Суреттегі тұлғалардың қазақтың жазу тарихындағы рөлі қандай? Олардың еңбектері қай таңбаларды қолданумен байланыс-
ты? Өз болжамыңды жаз.
Кирилл таңбасын қазақ тілді оқу құралдарында тұңғыш рет
пайдаланған;
латын таңбасын мектепте оқыту үшін арнайы әліппе жазған:
араб таңбасын жетілдіріп, жазуды реформалаған.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.