2-ТАПСЫРМА. Төменде берілген тірек сөздер мен сөз оралымдарын басшылыққа алып, жай сөйлем түрлеріне сөйлемдер құраңыз. /Сөйлемдердің жанына түрлерін көрсетіп
жазыңыз/
Қажетті сөздер: сахна киесі, сахнада өзін – өзі ұстау, көңілді би, қошемет көрсету, халықтың
ризашылығы, ілтипат, театр.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Мақал мәтелдер:
1)Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
2) Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
3) Ел іші — алтын бесік.
4)
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
5) Ер — елінде, гүл —жерінде.