2-тапсырма. Төмендегі тіркестерден тұрақты тіркес және сөз тіркесі мағына- сында сөйлемдер құрап жазып, түсіндіріңдер.
Үлгі: Жақсы көреді – ол кітапты жақсы көреді (мұнда фразеоло-
гизм түрінде қолданылып, бір нәрсені істеуге ынталы екендігін, соны
ұнататындығын білдіреді). Оның көзі алыстагыны жақсы көреді
(мұнда
сөз тіркесі, өйткені көр деген етістік өзінің тура мағы-
насында қолданылып, жақсы деген сөзбен еркін тіркес құрап тұр).
Тізе бүкті, қолы тиді, ойыншық көрді, біреудің ала жібін аттамау,
көзі шарасынан шықты, тісін қайрады.
Шоқан Уәлиханов — XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі. Өзінің жасындай жарқ еткен ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан әрі зерттеу жұмыстары бүгінгі ғылымда жоғары бағаланатын жазбалардың бірі болмақ.
Шоқан Абылайдан өрбіген ұрпақтардың бірі. Оның балалық шағы Сырымбет тауының бөктерінде өткен. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Оның келешегі үшін бұл оқу орнының атқарар рөлі зор болады. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин.Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытқан болатын.
Объяснение:
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану.