21-22 сабақтар ЖОМАРТТЫҚ ПЕН КЕҢПЕЙІЛДІЛІК Адамның қадірлісі жомарт кісі Жүсіп Баласағұни 1-тапсырма Мәтінді оқы. Мәтіннен түйінді сөздерді теріп жаз. Көңіл жомарттығы Көңілді кең ұстау, барға қанағат ету, шүкіршілік қылу. Қызғаншақтық пен орынсыз бәсекеден аулақ болу. Барлық адамдарға жақыным деп қарау. Кеңпейіл, кешірімді болу. Басқаларға үнемі жақсылық, қуаныш, бақыт-байлық қонса екен деп ойлау. Басқаларға жол беру, қол беру сияқты ізгі қасиеттер «көңіл жомарттығы» деп есептеледі. Өнегелі кісілер перзенттеріне: «Кең болсаң болмайсың», «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» деп көңілі жомарт адамдардың ешқашан жамандық көрмейтіндігін жанды мысал, жарқын бейнелер арқылы мұқият түсіндіріп отырған. Ұрпақтарының ақкөңіл, ашық, жомарт азамат болып өсулеріне көңіл бөлген. Көңілі кең, жомарт адамның досы көп болады. кем
Отан өзбатырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағызбатырдың қасиеттері.Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгібатырдың қасиеті - бұл отаншылдық
Оқжетпес Оқжетпес[1] – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас. Көкшетау қыратының ең биік жері – Көкше жанында. Герцин қатпарлығы тауларының мүжіліп жазыққа айналуы нәтижесінде пайда болған. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Оқжетпес маңында қаңтардың орташа температурасы –9 – 16қС, шілдеде 19қС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері (Сәкен Сейфуллин, т.б.) Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір.