В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
sunaway1p0ar90
sunaway1p0ar90
14.11.2021 13:08 •  Қазақ тiлi

220 В кернеуінде жұмыс істейтін <Скайлет> шаңсорғышының қуаты 1200Вт.

Показать ответ
Ответ:
57775858775847575
57775858775847575
29.09.2022 15:32

1) Телеген Айбергенов қазақтың талантты ақыны.

2) Оның шығармашылық жолы қандай екенін жақсылап зерттеу керек. Ол балалық шағынан бастап өлең жазып бастаған. Және ол соғыс жылдары дүниеге келгендіктен өлеңдерінің біразы сұрапыл соғыс туралы .

3) Интерьвюіде оның аса талантты ақын екенін , мінезінің жұмсақ жылы қабақты екенін айтады.

4) Ерекшелік, талант, еліне деген махаббатты байқадым.

5) Адамдарды сүйіп өтуді , дүниені сүюді қалады. Оның ойынша дүниеге деген Маххабат оның Аллаға деген махаббатын ашады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Xenia2005
Xenia2005
06.04.2022 22:00

Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейі, Алматы қаласында (Төлебаев кешесі, 185- үй). 1963 ж. 28 қарашада жазушы (1951-61 ж.) соңғы 10 жыл бойы тұрған үйде ашылды. Музей ұлы жазушының мұрасын жинақтап, насихаттау, шығармашылық өмір жолы мен қоғамдық қызметін, әдебиет саласындағы ізденістерін жан-жақты тану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Музейдегі экспонаттар 11 залға орналастырылған. М. Әуезовтің есімімен біте қайнасып астасып жатқан, оның ғылыми және әдеби ізденістерінің негізгі жемісі болып табылатын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы - музей экспозициясының өзекті тақырыптарының бірі. Абайдың әдеби мұрасын бейнелейтін экспонаттардың қатарында ақын шығармаларының Мүрсейіт көшіріп жазған қолжазбасы мен библиогр. сирек кездесетін басылым - 1909 ж. С.-Петербургте жарық керген шығармалар жинағы сияқты баға жетпес аса құнды тарихи туындылар бар. Музейде Абайдың алғашқы шығармалары, оның қазақ, орыс және басқа бауырлас халықтар тілдеріндегі басылымдары мен дүниежүзі халықтарының тілдеріне аударылған жинақтары қойылған. «Абай жолы» эпопеясына арналған бөлімде шығарманың бауырлас халықтар және араб, ағылшын, неміс, француз, чех, словак, венгр, румын, поляк, болгар, моңғол, Вьетнам тілдеріндегі аудармалары орналастырылып, әлемдік әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ойшыл-ақынның шығармашылығы жайлы келелі пікірлері мен ой толғаулары келтірілген. Ұлы ақынның мұрасын жан-жақты, терең зерттеуде, қазақ әдебиеті тарихи салаларының бірі - абайтанудың негізін салушы М. Әуезовтің педогогикалық және ғылыми қызметіне арналған бөлімнің ғылыми-танымдық маңызы зор. Бөлімде Абайдың шығармашылық талантын ашып көрсететін Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектеріне (монографиялық мақалалар жинағы, оқулықтың арнайы тараулары т. б.) ерекше мән берілген. Әуезовтің ұлы ақын мұрасын оқып-үйренетін абайтанудың арнайы курсы мен абайтанудың арнайы семинар сабақтарын ұйымдастырушы көрнекті педагог, абайтанудың бірегей білгірі ретінде бейнесі сомдалған. «Абай жолы» эпопеясының жазылу жайына арналған бөлімде Абайдың отбасымен түскен фотосуретінің түпнұсқасы, балаларының және Семей өңіріне жер аударылып келген орыс достарының суреттері, Абайдың П. Д. Лобановскийдің салған портреті, ақынның өмірі туралы Әуезов жазып алған естеліктері, архивтік деректер, түрлі тарихи құжаттар кеңінен көрсетілген. Бөлімдегі суретшілер Е. М. Сидоркин, Л. А. Ильина, Қ. Қ. Қожықов Т. б. «Абай жолы» эпопеясына салған суреттері Абай тақырыбын байыта түседі. «М. Әуезов және театр өнері» бөлімінде Абай бейнесінің драма театрындағы «Абай» пьесасы мен «Абай жолы» роман-эпопеясынан композиция, «Абай әндері» көркем фильмі мен опера сахнасындағы көріністері қойылған және композиторлар А. Қ. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің «Абай» операсындағы Абайдың муз. тұлғасын қалыптастыру жайлы естеліктері сақталған. Абай тақырыбы - Әуезовтің жеке архивінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Музей қорында «Абай жолы» эпопеясы қолжазбасының барлық түпнұсқасы, шығарманың жазылу барысында енгізілген қосымшалар мен өзгертулер, түрлі нұсқалары және абайтану саласындағы күрделі мәселелерді шешуге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолжазбалары түгелдей дерлік жинақталған. Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде музей қорындағы магнитофон та жазып алынған ақын замандастарының естеліктері мен түрлі әдеби және архивтік деректер баға жетпес құнды экспонаттар болып табылады. Музейдің киноархивіндегі деректі «Мұхтар аға» фильмі көрермендерді «Абай жолы» эпопеясының жазылу жайымен таныстырады. Фильмде Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, көрермендердің ұлы ақын туралы танымын байыта түседі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота