В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
iriska198501
iriska198501
13.09.2020 21:15 •  Қазақ тiлi

25. Суретке қара. • Суреттің тақырыбын анықта. Сурет бойынша әңгіме құрап
айт. Мәтінге ат қой.
• Осы тақырыпқа қысқаша шығарма жаз.
5жұлдыз берем​

Показать ответ
Ответ:
Education26
Education26
07.10.2021 08:24

Бір жылда 4 мезгіл болады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Олар қыс, көктем, жаз, қыс мезгілдері. Әр мезгілде 3 айдан бар.

Қыс суық мезгіл. Қыста қар жауып, аяз болады. Қыстың күні бүкіл табиғат атаулы терең ұйқыға кетеді. Көктем егін алқаптары үшін ең қолайлы мезгіл. Көктемде диханшылар егін егіп жатады, себебі бұл мезгілде жауын көп жауып, айнала жасыл түске енеді. Жаз ыстық мезгіл. Жаздың күні жан-жануар атаулы қыстың қамын жасайды. Жеміс-жидек, көкөністер өсіп, балалар көшеде асыр сала ойнайды. Күз айнала сұрланған мезгіл. Күзде күн енді салқындап, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар да күзде қысқа дайындық жасайды. Мен мезгілдердің бәрін бірдей сүйемін. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өщінше керемет екенін мойындау қажет.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
minyaaaaaaaaaaaaaaa
minyaaaaaaaaaaaaaaa
05.11.2020 07:39

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота