В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
knowwhatsorry104
knowwhatsorry104
26.09.2021 16:34 •  Қазақ тiлi

29. Сөздерді сөз құрамына талдап, кестеге түсір. Жүзгішті, көлшік, достықпен, мектепте.
Сөз құрамы
дене
түбір -
сөз
жұрнақ - жалғау
-гіш
жүз
ті
жүзгішті.
3а сынып 107бет 29жаттығу​

Показать ответ
Ответ:
nazydraganil
nazydraganil
18.09.2020 21:22

1-тапсырма

1 мәтін 2мәтін

Тақырып

1)бала ұйқысындағы қорқыныштар

2) қиял-ғажайыптардыың көптеген ерекшіліктері.

Құрылымы

1)ерекше түс

2)тәжірибелік жұмыс

3)түстегі болашақ

1)Жинақтар мазмұны

2) Фантастикалық сенім

3)Халық қиялы

Мақсаттық

аудитория

1)Ғылыми фантастика

2)Ғалыми фантастика

Тәндік

ерекшелігі

1)бейтарап стиль

2)Кітаби стиль

Жазылым:

Фантастика жанрын сүйіп оқитындардың тарапына айтылған мынадай сынның куәгері болып жүргеніміз жасырын емес: «Ертегі оқығанша, дұрыс ой салатын шығарманы оқы». Шынында, фантастика деген не? Бұл бағыт әдебиеттің нағыз шыңына шыққан Шекспир, Толстой, Әуезов секілді классиктердің туындыларымен қатар тұруы тиіс пе әлде олар тек көңіл көтеру мақсатында жазылған шығарма ма? 

Фантастика біртекті жанр қатарына жатпайды. Оруэлдің антиутопиясы (1984), Толкиннің сиқырлы әлемі, Гаррисон романдарының барлығы – фантастика. Әрине, бұл жанрда ақылға қонымсыз заттар мен иллюзия арқылы ғана келетін «макалатураға» сай белгілер кездеседі. Тіпті, осыған бола сыншылардың қатарында фантастиканы сары басылымдардың бір бөлшегі санайтындар аз емес. Дегенмен, классик ретінде орыс әдебиетінің шамшырағы болған Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романының өзінде фантастиканың элементтері кездесетінін де мойындаған жөн.

Бұл жанр еш оқиғаға негізделмейтін, бар болғаны ересектерге арналған ертегі деген пікірмен келіспеске амал жоқ. Өйткені, фэнтэзи жанрының кейіпкерлері шынымен ертегіні еске салады: эльфтер, перілер, ханшалар, батырлар, сонымен бірге сиқыр да қатардан қалмайды. Бірақ, оған бола салмақты ой салатын әдеби жанрлардың қатарынан сызып тастауға болмайды. 

Біріншіден, әлемдік бестселлер болған, 10 жылдан астам уақыт бойына фильмдері сатылым бойынша алдыңғы қатарларды бермеген Джоан Роулингтің «Гарри Поттері» адамдарға қиындыққа берілмеуді үйретіп қана қоймай, адам өзінің ішіндегі жауын жеңбей жетістікке жетпейтінін дәлелдейді. 

Екіншіден, фантастиканың ішінде ғылыми фантастикаға (science fiction) деген қызығушылық жоғары екенін, олардың басым көпшілігі талай фильмнің сценарийіне арқау болғанын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, америкалық жазушы Энди Вейрдің «Марсианин» романын тілге тиек етеміз. Өйткені, оқып отырып, техникамен ғана емес, ғарыш кеңістігінің заңдарымен, одан бөлек биологиялық қалдық арқылы топырақты құнарландыратынын білуге болады. 

Сонымен қатар, Оруэлдің романынан адамзатқа арналған үмітті жолдауды байқаймыз. Қорқынышты етіп сипаттай отырып, адам бойындағы жауыздық, мансапқұмарлық, ақымақтықтың шегі болмаса қандай салдарға әкелетінін көрсетеді. 

Сонымен фантастика деген не? Меніңше, бұл – автордың оқырманға жеткізгісі келген ойын аша түсетін, оны жан-жақты сараптайтын жанр түрі. Фантаст «реализмнің» шекарасынан аса алады әрі өзге кеңістікті еркін құрады.

Фантастика қорқытады, оқытады, күлдіреді және шабыт сыйлайды. Сонысымен ерекше.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
VladGulevevatiy
VladGulevevatiy
07.07.2022 21:52

Объяснение:

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.

Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Себебі интернет дамыған заманда әлемнің кез келген түкпірінде қандай ауа райы екенін немесе алдағы аптада күн райы қандай болатынын үйде отырып та білетін болдық. Әйтсе де бұл болжамдар табиғи апаттар мен зілзалалардан кейде сақтап, кейде бармақ тістетіп жататыны да бар.

Қазақ ауа райын қалай болжаған?

2016 жылғы 24 қаңтар 03:49

Қазақ ауа райын қалай болжаған?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.

Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Себебі интернет дамыған заманда әлемнің кез келген түкпірінде қандай ауа райы екенін немесе алдағы аптада күн райы қандай болатынын үйде отырып та білетін болдық. Әйтсе де бұл болжамдар табиғи апаттар мен зілзалалардан кейде сақтап, кейде бармақ тістетіп жататыны да бар. Ал ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек Қазақ әлемі ғылыми-зерттеу еңбегінде осы ауа райы болжамдарын да жазып кеткен. Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.

***

Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады.

Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады. Бозторғай ұясын қыраңға салса, жаз жауынды болады.

Дуадақ қыстап қалса, қыс жайлы болады.

Қамыс торғайы ұясын биікке салса, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.

Қызыл қаз саздан соғатын ұясының іргесін биік етсе, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.

Жыл құстары топтасып ұшса, жылымық күз созыла түседі. Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса, қыс қатты болады.

Жарқабақтағы ұя биікке салынса, су тасқыны болады.

Саңырау құр бұтаққа қонақтаса, тұман түседі.

Қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады.

Шіл үйірін молайтса, қыс суық болады.

Көк жасыл шегіртке молайса, жаз қуаң болады.

Суыр ініне ерте жатса, қыс қатты болады. Суыр інінің аузын қораласа, көктемде су тасқыны болады. Суыр інінен ерте шықса, кешікпей күн жылынады. Суыр мезгілсіз жайылса, ауа райы бұзылады. дейтін бірнеше сынды ырымдармен біліскен

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота