3. а) Сөйлемдерді сандармен толықтыр. 1. Жүздің жартысы - ... пайыз.
2. Елудің жартысы - пайыз.
3. Жүзді онға бөліп, біреуін алсақ, ол - ... пайыз.
қа.
ә) Суретті түсіндір.
көгершін үйрек
қаз
аққу
10%
25%
қоқиқаз
25%
шағала
ма-
шағала
3)
1)
2)
Дейін, шейін, кейін сөздерін қолдана білемін, мағына-
сын түсінемін.
Отбасымыздың жақсы дәстүрлері.
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз. Әр отбасының өзіндік ережелері мен дәстүрлері болады. Біздің отбасымыздың жақсы дәстүрлері қатарына отбасы болып демалу мен қонақжайлылықты жатқызатын едім.
Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Ас үйіміздің қақ ортасында үлкен, дөңгелек үстел бар. Осы үстелдің басында барлығымыз жиналып шай ішіп, әңгімелескенді ұнатамыз. Қонақжай қазақ болғандықтан дастарқанымыз жиылмай, қонақ келіп қалса, үнемі дайын тұрады. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!