3-деңгей. Суреттер бойынша дефис арқылы жазылатын 6-7 геогра- фиялык атаумен сөйлем құрастырыңдар. Ертеде осы тауды қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен етіпті. Бірақ түнде бұл жер дамылдауға, қоныс кылуға өте жайсыз екен. Қаптаған суыр түні бойы ащы дауысымен шаңқылдап маза бермепті. Қалмақтар суырды тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Сондықтан осы биікті «Суыр- лытау», яғни «Тарбағатай» деп атап кетеді. Таудың осы атауы күні бүгінге дейін сол қалпында сақталған.
— Биолог Туранов, сіз өз пікіріңізді кесіп айтсаңызшы, қараптан қарап отырып дағдарып қалдық қой. Осылай отыра береміз бе, жоқ әлде тысқа шығып өлеміз бе?
«Байқоңыр-12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразов креслода шалқалап жатқан биологқа осылайша шүйілді.
Туранов көзін тарс жұмып сулық жатыр. Оның қалың ой арпалысында жатқанын сезу онша қиын емес-ті. Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны. Кеме экипажының бұл планетаның үстіне шығу-шықпау жөніндегі айтыс-таласы, пікір алысуы бір тәуліктен бері толассыз.