В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dwawd
dwawd
17.03.2020 03:39 •  Қазақ тiлi

3.мәтін бойынша терминдер мен олар туралы ұғымдарды сәйкестендіріңіз. ақпараттысызба не шартты белгілер түрінде ұсыныңыз.[2]ғылыми графика, конструкторлық графика, өнертапқыш, теледидар, жазықтықтағыкескіндер, жарнамалық роликтер, өндірістік есептер, видеодәрістер, символдық режим,іскерлік графика, компьютердің жады, есеп құжаттары, графикалық редакторлар,статистикалық есептер, жарнамалық графика, жұмыс істеу ғы, электрондықкестелер, мультфильмдер, инженер-конструктор, компьютер экраны, архитектор, суреттеуграфикасы.үлгі: жазылым«ғаламторды дұрыс пайдалану – мәдениеттің белгісі. дұрыс пайдаланбаған ғаламторқа қауіпті» деген пікірмен келісесіз бе? неге? тақырыпқа қатысты күрделі сөздердіқолданып жазыңыз. жазылымда ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалассөйлемдерді қолданыңыз.[10]айтылымберілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (əр оқушыға 2 минут).айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.диалог тақырыптары1. біз отбасында наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз? 2. төрт түлік малдың ға пайдалы екенін білесіз бе? 3. домбыра үйірмесіндегі қызықты оқиға

Показать ответ
Ответ:

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.

1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.

1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
barbara27
barbara27
19.12.2020 10:40

Биылғы жылғы қызық оқиғалар

Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.

Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота