3.Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңдар. Логикалық екпін түсіп тұрған сөздің не тір- кестің алдына белгісін (I) қойып жазыңдар.
Бүгінгі таңда түрлі екпелер (вакцинация) – жұқпалы аурулардың алдын
алудың бірден-бір жолы. Дегенмен осы екпелер төңірегінде даулы мәселелер
көп-ақ. Олай болса, вакцинация жайлы не білеміз? Бұл емшара кезінде ағзаға
аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір
инфекцияларға қарсы антидене тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада
аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакци-
наның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты және енгізу жолдары бар
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/4718-family.html
© www.ZHARAR.com
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.