3- тапсырма. Абайдың «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз...» деген өлең жолдарында айтылған ойды қазіргі өмірмен байланыстырып, өз ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыз [2]
4- тапсырма. Өзіңіз оқыған Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік мәні туралы 2- сөйлеммен ойыңызды жазыңыз [2]
5- тапсырма. Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, шығармалардың заманауи жаңашылдығын ашып, эссе жазыңыз [8] Көлемі- 100-120 сөз
1. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады.Екіншісі көрсем, білсем деп туады. Біріншісі – тәннің құмары, екіншісі – жанның құмары. Қалай ойлайсыз, қазіргі заманда екі түрлі мінезді адамдардың қайсысы басым? Ойыңызды жинақтап, нақты дәлелдермен, құрылымын сақтап, « Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді» тақырыбына әдеби эссе жазыңыз.
2. Абай «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде бес асыл: талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақымды көрсетеді. Ал, қазіргі заманда осы бес асыл іске өзің қандай асыл істерді қосар едің, ойыңды жинақтап, дәлелдер мен мысалдар келтіріп, «Заманауи бес асыл іс» тақырыбына эссе жазыңыз
Комек
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.