3-тапсырма. Қажетті сөздерді қойып жазыңдар.
Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды қаптады. Жиі-жиі жауады. сарғайып, жерге түсіп жатыр. Олардың түстері әртүрлі: сары, қызыл, жасыл. Олар жерге жайылған ұқсайды. (Құстар) топ-топ болып, жылы жаққа ұшты. да жылы киіне бастады. Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше. Егін даласында – қайнаған қызу еңбек.
мен тракторлардың гүрілдеген үні үздіксіз естіліп тұр.
Қажетті сөздер: бұлт, кілемге, балалар, комбайн, жапырақтар, жаңбыр.
Есімдігі бар мақал – мәтелдер.
Біреуге өмір тілегенше өзіңе өмір тіле.
* * *
Өзің білсең өзіңе сен.
* * *
Өзінікі дегенде өгіз қара күші бар кісінікі дегенде анау-мынау ісі бар.
* * *
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
* * *
Өз елім, өлең төсегім.
* * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * *
"Сіз","Біз" деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
* * *
Өзін - өзі билеген ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты.
* * *
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.