3 - тапсырма . Бірінші жай сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз . Септік жалғау жалғанған сөздерді тауып сызыңыз .. Есімдіктерді мағынасына қарай ажыратыңыз Біз жазда Нұр - Сұлтанға ұшақпен ұштық . Мен дүкеннен нан , сүт сатып алдым . Анам ауылдан қалаға келді . Ерболдың әкесі зауытта істейді . Кеше біз далада көп жүрдік . Ол досына хат жазды . Мен сүтпен шай іштім . Раушан анасымен тұрады . Сіңлім телефонмен ұзақ сөйлесті . Раушан Дастанға әңгіме айтты . Мен жексенбіде Көкшетауға барамын У МЕНЯ СОР
«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.