3-тапсырма: Өлеңде суреттегі заттар мен табиғат көріністерінің қайсысы туралы айтылған? Олар шығармада қандай мақсатта қолданылған? Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
—Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
—Жан-жақтан ертелі –кеш бұлттар келіп,
—Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
—
—Сексен көл Көкшетаудың саясында,
—Әрқайсы алтын кесе аясында.
—Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
—Көкірек, қанша жұтсаң, тоясың ба?
—
—Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
—Қасында көк желекті аппақ қайың,
—Жібектей желмен шарпып төңіректі,
—Балқытып мас қылады иіс майы.
—
—Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
—Басына атсаңдағы ағың жетпес.
—Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
—Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
—
—Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,
—Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,
—Суретті шежіресі өткен күннің,
—Сілекей ағызады ертегісі.
— Талай сыр ертегіні ел айтады,
—Ызыңдап таудан соққан жел айтады.
—Сырласып, сыбырласқан жапырақтар,
—Күндіз-түн күңіренген көл айтады.
—
—Ертегі болмаса да хатта қалған,
—Аузында шежіренің қартта қалған.
—Қарттардың баян қылған әңгімесін
Есіткен кейінгілер жаттап алған.
Өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп.Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. . Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.