3-тапсырма. мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, «попс» формуласы бойынша 4 сөйлем
құрастырады.
мәскеу олимпиадасының жеңімпазы қиын уақытта өмірге келгенін айтады.
"мен өмірге келгенде халықтың тұрмысы ауыр болыпты. анамның ауылда дүкені болған
екен. бір күні дүкенге сарымалтай деген ақсақал келіп, сабын сұрапты. ол – аузы дуалы,
ел сыйлайтын беделді азамат екен. сабынды беріп жатқанда, анамды толғақ қысады.
сөйтіп, мен дүниеге келіппін. аксакал мұны жаксы ырымға , өмірге жақсылық келді
депті. осылайша, атымды жаксылык койыпты. кейін әжем кіндігімді кесіпті", - дейді ол.
жаксылық үшкемпіровты, оның үлкен әпкес
провты, оның үлкен әпкесі мен қарындасын әжесі бәтима тәрбиелеп
өсірген. кейін ауылдағы қарапайым мектепте білім алған.
Жайлауда.
Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.
Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.