Адамға тән Ілім екі түрлі: кәдімгі дүниелік және діни, имандылық білім. Құранда Ілім сөзі, онымен түбірлес зат есімдер мен етістіктер шамамен 750 рет кездеседІлім І-ге әуелден-ақ басым көңіл бөлудің нәтижесі мұсылман дүниетанымдық жүйесінде, діни, құқықтық, филос. және әлеум.-этик. ұғымдар жүйесінде білім тұжырымдамасына ерекше маңызды орын беруге алып келді. Білімге ұмтылу – әрбір мұсылманның борышы әрі міндеті, сонымен қатар имандылықтың белгісі деп жарияланды. Ислам тарихының барлық кезеңінде “Ілім” термині, оның мазмұны мен көлемі жайлы көптеген анықтамалар ұсынылып, талқыланды. Ілім туралы толғамдардың сүйенер негізі Құраннан, Хадистерден алынған дәйек пікірлер.
Көбіміз күйбең тірлікпен жүріп, бұл дүниеде һәм ақыретте пайда беретін қайырымдылықты жиі ұмытып кетіп жатамыз. Қоғамда көптеген жандар тек қаржылай көмекке ғана емес, бәлкім мейірімді алақанға, жылы сөзге мұқтаж. Дін Ислам қоғамдағы осындай кемшіліктің орнын толтыру үшін бізді қайырымдылыққа, жылы сөз бен мейірімділікке шақырады. Біздер бұл нәрселерді ақылмен ұғынып, сөзбен құптағанымызбен іс жүзінде орындап жатқанымыз шамалы. Мұның себептері жетерлік. Солардың бірі – адамның бойындағы иманның әлсіздігі. Иманы күшті адам – тақуалыққа жақын, игі амалдар жасауға ынталы болып келеді. Оның жасаған жақсылығын басқалардың көруі шарт емес, өйткені, ол қайырымдылықты Алланың разылығы үшін жасады