3 -тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда.
Бір атаның балалары
(үзінді)
-
Өздерің
Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, - деді басқарма.
білесің, мен: «Жұмысшы әкелем!», - деп кеттім... Үкімет біздің Бұлғыртау ауда-
нының тоғыз қолқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен
барғанша ересектерін бөліп әкетіпті. ... Менің әкелгенім – алты-ақ бала. Бәріңе
жетпейді... Әзір қолда барын Құдай жолымен бөлем...
...Ал, Дәуренбек, деді басқарма. - ...Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-
жайын айт..
Стройдың басында тұрған екеу - қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алты-
да. Мынаусы — Ертай, анаусы Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы татар
баласы, аты - Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара —
әйел бала, қалмақ я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты Яков, тоғызда,
қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, бірақ документте: «орыс», деп
жазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы – жаңа
алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман: неміс.
Бұл баланың орны - детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз
қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған
жайы бар.
-
...Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады.
Мен осы мықтының өзін қаладым. ...Баламның атын айт.
Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз! деді Дәуренбек мырс етіп,
...Е, жөн-ақ, - деді Ахмет ақсақал. – Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр
үйге, кеттік. Апаң күтіп отыр...
...Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид
Вагнер ертеңіне таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып оянды.
(Мұхтар Мағауин)
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.