3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Тірек сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. Тірек сөздер: жарқырағын, әшекейлігін сүйемін, ауылда туып, Еуропа мәдениетін меңгерген, әдебиет әдебиет үшін, келешекке жарайтын сөз, артқы күнге қалуға жарайтын сөз. 1. Мәтіннің авторы кім? 2. Мәтінде кім туралы айтылды? 3. Автор неге: «Ақынның еуропалығын, жарқырағын, әшекейлігін сүйе- мін», – дейді? 4. Қазақ ауылында туған ақын Еуропа мәдениетін қалай игерген? 5. Автор Мағжанның шығармашылығын қалай бағалайды? -
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.