3-тапсырма: Мәтінге синтаксистік-кешенді талдау жасаңдар. Семантикалық картаны толтырыңдар.
Қарай-қарай көзі де бұлдырап кетіпті. Итеңдей-итеңдей белі де
талып қапты. Ат суытып алайын деп, жусаны мен жапағы қалың көлдеу
ойдың ортасындағы төмпектің қасына кеп тоқтады. Атын тұсап, отқа
жіберді. Сосын төңірегіне қарады. Ұрының жүзіндей жымпиып жатқан
кең алқап. Ойына бірдеңе түсіргендей иегін қасыды. «Қап, мынау ойға
бекер тоқтаған екенмін, анау қара жалға көтеріліп кідірсемші», - деп
өкінді.
Сосын әлгі отырған жерінен жел жаққа қарай қырық қадам үзaп,
шалқасынан түсіп жата кетсін... Көз алдына тағы да тайқазан ет пен
мөлтеңдеген сірке сорпаның тұра қалғаны. Қапелімде, жер түбінен
түйдек-түйдек көрінген қою шаңды да аңдай қоймапты...
Әбіш Кекілбаев
Мәтін сөйлемдері
Анықтауыш
Толықтауыш
Пысықтауыш
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жана қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен йымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымны арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.