В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Znatokkekgg
Znatokkekgg
17.01.2021 14:30 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма: сөйлемдерден жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тауып, кестеге жазыңыз / найдите в предложениях личные, указательные и вопросительные местоимения, запиших в таблицу (правило на стр. 123) ұлы отан соғысы қашан басталды? осы ерлік үшін олар есімізде болады. жіктеу есімдігі сілтеу есімдігі сұрау есімдігі это соч ( )

Показать ответ
Ответ:
aidos2008
aidos2008
15.07.2022 06:30
- Қазақстан жерінде қаншаға жуық өзендер мен бұлақтар бар. ? 
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. 
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ? 
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. 
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.  ? 
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. 
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді? 
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
madinatrtyakov
madinatrtyakov
27.09.2022 11:45

Дін және зайырлы мемлекет

Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.

   Әлемде 113 мем¬ле¬кет өзін зайырлы ел деп жариялаған болса, соның бірі - Қа¬зақстан. Конституцияның 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнық¬тыратыны көрініс тапқ¬ан. Қазақстан - зайырлы мемлекет! Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір сүреді, мектеп діннен ажыратылған. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Адам, азамат қандай көзқарас, наным не сенім ұстанамын десе де өз еркі. Консти-туцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тиым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен шұғылданбауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда құрылымдары мен институттары Конституциямен баянды етілген мемлекет жұмысына дін ешбір кедергі келтірмеуі тиіс. Сонымен бірге Ата заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады. Ал жер бетін¬дегі 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.

    «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы деген атеистік деген¬ді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәс¬түрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мо¬йындамаймыз». Бұл - Елбасының зайырлылық пен дінсіздік ұғымын шатыстырып, адасқан қандастарымызға қарата айтқ¬ан кесімді сөзі. Алайда әлемді дүр¬ліктіріп, алты құр¬лық тыныштығын бұзған, қоғам арасындағы қорқыныш пен үрейді үдеткен радикалды топтар мұны түсіне бермейді. Тіптен түсін¬гісі де келмейді. Себебі олар наданд¬ыққа, көрсоқырлыққа негізд¬елген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етеді. Олар өзгелерді әділетсіз, әрі қатыгез деп айыптаудан танбайды. Сондықтан,  зайырлылық пен діндарлықтың арақатынасына келейік. Көп жағдайда бұл екі ұғым біріне-бірі қарама-қайшы деп бағаланып жатады. Алайда олардың түйісетін ортақ нүктесі бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Мұны айтпас бұрын алдымен діндарлық деген ұғымға тоқталып өтейік. Жалпы діндарлық дегеніміз белгілі бір дін талаптарынының белгілі бір уақыт пен шарттарда белгілі бір адам, топ немесе қоғам тарапынан орындалуы. Діндарлық – адамдардың не белгілі бір қауымның күнделікті өмірінде діннің маңызын паш ететін ұғым. Қазіргі таңда бұл ұғымның мынадай нұсқасы да пайда болды. Ол – діншілдік. Діндарлық анағұрлым парасатты адамның әрекетін білдірсе, діншілдік діннің сыртқы формасын, не кейбір діни шаблондарды ұран етіп, өзі өмір сүріп отырған орта мен жағдай-шарттарды ескермей біртоға  өмір сүретін адамның әрекетін білдіреді. Негізінде шынайы діндарлық зайырлылық принциптерімен әдемі үйлесім табады. Ал қашан адам діндарлыққа емес, діншілдікке ойыса бастаса, зайырлы қоғамға сыйыспай, қоғамнан оқшаулана береді. Себебі, дінді шала түсінген адам оны өмір салтына үйлестіре алмай қиналады. Өзі өмір сүріп отырған қоғам шарттарын қаперінде ұстап, діннің түпкі мәнін түсінуге тырыспаған адамның дін ұстануы қоғам тарапынан қарсылық туғызып жатады. Шынайы діндар тепе-теңдікті ұстана отырып, көркем түрде діннің талаптарын да орындайды әрі зайырлылық принципіне де қайшы әрекет етпейді. Айтпағымыз, зайырлы қоғам дінді мансұқтамайды, ал шынайы діндарлық зайырлылық ұстанымына қайшы келмейді.

     Мемлекетіміздің  зайырлы¬ келбеті – қоғам дамуының кепілі және бірлік пен тұрақтылықтың негізі. Сондықтан біздің мақсатымыз  мемлекеті¬міздің зайырлы қағидаттары негізінде мәдениетіміз бен дәстүрімізге сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру болып¬ табылады.

   Елдің бірлігін сақтау, ынтымағына сызат түсірмеу ел болудың, алға жылжып дамудың басты шарты деуге болады. Ол үшін діни төзімділік, зайырлылық принциптеріне мейлінше басымдық беріп, діншілдіктен жиреніп, діндарлыққа бет алуымыз қажет. Еліміздің іргесі берік болып, руханияты тереңдей берсін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота