3-тапсырма. «Саяхаттау кезінде уақытты тиімді пайдалануға болады ма? ПОПС әдісін пайдаланып, өз пікіріңді дәлелде. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша». Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны деп түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен деген фактілермен, мысалдар- мен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім».
Текст:
«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені – «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында құрылған мәдени-туристік және имидждік бірегей жоба болып табылады. «Этноауыл» - бұл байырғы заманға саяхаттап, өзін көшпенділер бейнесінде сезініп, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын басынан өткеруге жағдай туғызатын нағыз мүмкіндік.Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді.Этноауыл «Казанат» ипподромының 2500 шаршы метр аумағында орналасып, 40 дәстүрлі киіз үйден және түрлі бағыттағы 8 сектордан тұратын бірегей этникалық кешен болып табылады
Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, паш етуінің өзі мақтануға тұрарлық. Әрине біраз жұмыстар атқарылды аз уақыттың ішінде,енді көп ұзамай біршама жерлердегі ауылдық өлкелердегі тұрғындарды ауызсумен,светпен , мектеп бала бақшамен қамтамасыз етілсе керемет болар еді. Бірақ бізге елбасы қашан жағдай жасайды деп күтпей біз жастар еренбй еңбек етіп ,жаңа технологияларды меңгеріп, білімнің биік шыңына жетіп жаңалықтар ашып өркендеуіміз керек. Егер жастар талпынбаса , үлкендер қолдамаса біз өз жағдайымызды өзгерте алмаймыз. Сол үшінде егер мен президент болсам жастар жастар жастар деп барлық мүмкіншіліктер мен мүмкін еместерді пайдаланар едім. Өйткені жастар еліміздің капиталы,инвестициясы, ең бастысы болашағы бар байлығы. Сондықтан жастар тек армандамай әрекет етуге талпынайық.. Өз еліміздің туын биік. тілін қастерлі,рухын биік ұстайық.
1
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.