3- тапсырма. Шығарма үзіндісін окып, кестені толтырыныз [3] Әрине, майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арман еді Сонымызды сезгендей Иманжанов та бізге тезірек хат танытуга бар кушін салып бақты. Сейтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде эріптерді тегіс жаттап, бірлі-жарым сездерді кұрап жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян болса кадімгідей: «Аса жаннан артык көретін аға.» деп бастап, хат жазатын болды. Ендігі оның куанышында шек жок еді. Күнде сабақтан кейін уйіне келісімен тер алдына етбетінен түсіп, сияль қарындашты тілімен жалап койып, бет-аузын сия-сия ғып ағасына хатты усті-устіне жазатын да жататын. Күніне екі- үш хаттан жазады. Кейде әжесінін айтканын жазса, кейде ез бетінше жаза беретін. Кейіпкер Ic-эрекет Сипаттама Аян Иманжанов Әжесі
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады