3-тапсырма. Сызбаны қолдана отырып, «Ескерткіштер-елдің тарихы» тақырыбында мәтін құрастырыңыз Қаран кесенесі Дескриптор Білім алушы Мәтін растырашы. қосымша мәліметтерді іріктейті, коланаты эпитет. теңе сезцерці қолданаты Айшбі кесенесі Тарихи ескерткіштер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Еңбек пен жетістік.
Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты. Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін. Адал еңбектің арқасында өмірде үлкен жетістіктерге жетуге болады.
Судың пайдасы
Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.
Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен. Суды аз ішетін адамдар әр түрлі ауруларға бейім болады. Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі. Ағзада судың аз болуы, бастың ауруына әсер етеді. Екі стақан сұйықтықты ішсеңіз, бастың ауруы басылады.