3-тапсырма. Төменде берілген кестеде Тамғалы және Қаратау петроглифтерін
салыстырыңыз.
Петроглифтер
Тамғалы петроглифi Қаратау петроглифi
Орналасқан жері
-
Петроглифтердегі
бейнелер
Ең көп кездесетін
суреттердің сипаттамасы
Дескриптор Білім алушы
Тамғалы және Қаратау петроглифтерінің орналасқан жерін атайды;
-Тамғалы және Қаратау петроглифтерінде бейнеленген суреттерді
атайды;
- Тамғалы және Қаратау петроглифтерінде бейнеленген суреттерді
сипаттайды:
Тамғалы және Қаратау петроглифтердегі бейнелердің мәнін
түсіндіреді.
«Белгілер» әдісі
Кері байланыс
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.